«Қауіпсіздік мектебі-2024» облыстық жарысының қорытындысы

Дата публикации: 25.09.2024 в 16:26

2024 жылғы 25 қыркүйек күні ШҚО білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын»  лагерінің базасында «Қауіпсіздік мектебі-2024» облыстық жарыстарын өткізді.

Мақсаты: өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелелеріне үйрету.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 15-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт эстафетасы, техногендік авария кезіндегі іс-қимылдар, өрттің ошағында және қираған ғимараттардың үйінділерінің астында қалған зардап шеккендерді алу кезеңдерін еңсеруде жеңіске жету үшін күресті.

Облыстық жарыстын қорытындысы бойынша командалар келесі орынға ие болды:

1 орын – «Легион» командасы, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ,  Өскемен қаласы;

2 орын – «Алдаспан» командасы, «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

3 орын – «Жас Сарбаз» командасы, «Оралхан Бокей атындағы қазақ орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.

Жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Жарыс бағдарламасына, сондай-ақ шеберлік сабақтары да енгізілді  (жергілікті жерде бағдарлау, өткелді еңсеру, зардап шегушіні тасымалдау).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!