Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиадасын өткізу туралы

Дата публикации: 26.09.2024 в 11:13

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) ағымдағы жылдың 8 қазанында сағат 10:00-де өткізілетінін хабарлайды.

Олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған білім беру ұйымдарының 11 сынып түлектері қатысады.

Олимпиада қатысушылары барлық кезеңдерде математика, физика, химия, биология пәндері бойынша тапсырмалар орындайды.

Осыған орай, аудандық/қалалық білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін облыстық кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) болатын қатысушыларды сапалы іріктеуден өткізу қажет. Олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы есепті (талдау, хаттама, облыстық кезеңіне өткен қатысушылардың тізімін), қосымшаға сәйкес  vk_daryn@mail.ru электрондық мекенжайына жолдау қажет.

Оқу тіліне қарамастан квота саны 6 оқушы.

Ескерту: қатысушының жеке куәлігінің көшірмесінің болуы міндетті.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 700-244 телефонына хабарласуға болады.