«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының қорытындысы

Дата публикации: 27.09.2024 в 13:44

ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26 қыркүйек күні қашықтықтан «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауын өткізді.

Байқауға 10-13 және 14-17 жас санаттары бойынша жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 120 білім алушысы – облыстық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 10-13 жас санаты бойынша Үлкен Нарын ауданы Шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі Шаяхметова Аружан ІІ орын иегері атанды.

Аружанды және оның жетекшісі мен ата-анасын жеңіспен құттықтаймыз!