7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы

Дата публикации: 9.10.2024 в 16:50

2024 жылғы 7-9 қазан күндері Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шара халықаралық FIFA ойын ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

1 орын – Алтай ауданы, «Чапаев орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

3 орын – Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ-нің командасы.

Номинациялар бойынша:

«Үздік ойыншы» – Алтай ауданы, «Чапаев орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Журтбаева Кристина;

«Үздік қорғаушы» – Самар ауданы, Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 8 сынып оқушысы Тоқтавбаева Жансая;

«Үздік қақпашы» – «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Адилбекова Мария марапатталды.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!