Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы

Дата публикации: 14.10.2024 в 10:51

2024 жылғы 11-12 қазан күндері Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Турнирге еліміздің 20 аймағынан келген жалпы саны 180 жас пікірсайысшылар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы қатысты.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Алтай ауданының Алтай қаласының мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Черепанов Евгений «орыс лигасы» санаты бойынша «Ең тапқыр ойыншы» номинациясына қол жеткізді. Евгенийге диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Евгений мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!