Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
Дата публикации: 15.10.2024 в 16:34
2024 жылғы 15 қазан күні Өскемен қаласының О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығы базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс екі кезеңде өткізілді: қашықтық және этафета.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «№1 мектеп-лицейі» КММ, Риддер қаласы;
ІІ орын – «Таврия орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – «№24 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!