Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы асық ату және бес асық бойынша Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата публикации: 18.10.2024 в 12:24

2024 жылғы 17 қазанда Өскемен қаласында Оралхан Бокей атындағы №44 лицейі базасында асық ату және бес асықтан 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

Ұлдар арасында асық ату:

І орын – «І. Айтыков атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ, Ұлан ауданы;

ІІ орын – «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Риддер қаласы;

ІІІ орын – «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.

Қыздар арасында бес асық:

І орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;

ІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;

ІІІ орын – «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!