Шахматтан «Ақбозат» Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы

Дата публикации: 18.10.2024 в 16:02

2024 жылғы 18 қазанда  Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында шахматтан «Ақбозат» 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ,  Тарбағатай ауданы;

ІІ орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ;

ІІІ орын –  «О. Бөкей атындағы №44 лицейі»  КММ, Өскемен қаласы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!