Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық/аудандық кезеңін өткізу туралы

Дата публикации: 14.11.2024 в 16:02

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалықолимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – Олимпиада) хабарлайды.

Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық-гуманитарлык  бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Құқық негіздері», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытатын мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі») пәндері бойынша өткізіледі.

«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатысады (әкесінің ұлты қазақ болмауы тиіс), ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендіріледі.

Оқушы Олимпиадаға тек бір пән бойынша қатыса алады.

Осыған орай, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің басшылары 2024 жылдың 30 қарашасына дейін Олимпиаданың мектепшілік кезеңін өткізу қажет.

Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі тірек мектептерінің базасында 2024 жылдың 4-5 желтоқсанында бір мезгілде өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін Олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңдерінің өту қорытындысы бойынша есепті аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітіп «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ орталығына өткізу қажет.

Олимпиада бойынша есепті бірыңғай формада (1,2,3,4,5,6 қосымшалар) қағаз және электронды нұсқада (Exсel бағдарламасында): Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21 мекенжайына және vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет. Қосымша ақпарат: 8/7232/700244, 8/7232/742266.