Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
Дата публикации: 9.12.2024 в 9:55
Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2024 жылғы 3-6 желтоқсан аралығында Өскемен қаласының № 50 жалпы білім беретін мектебі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар арасында:
І орын – «Қалжыр орта мектебі» КММ, Марқакөл ауданы;
ІІ орын – «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі» КММ;
ІІІ орын – «Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Қыздар арасында:
І орын – «№2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;
ІІ орын – «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ, Үлкен Нарын ауданы;
ІІІ орын – «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ, Марқакөл ауданы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!