Жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
Дата публикации: 30.04.2024 в 15:51
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылғы 15 мамырында жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізетінін назарларыңызға салады.
Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы (18 жасқа дейін) оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімдерді rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың 06 мамырына дейін жіберу қажет.