«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ЕРЕЖЕСІ

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:44

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) қашықтықтан өткізу ережелерін, оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.

1.2. Ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) болып табылады.

1.3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру.

2. Фестиваль-байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.  

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

– өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;

– тікелей басшылықты жүзеге асырады;

– қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

– қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

– жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;

– нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.   

2.3. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

3.1. Фестиваль-байқау 2024 жылдын 13 мамырында қашықтықтан өткізіледі.

3.2. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған Фестиваль-байқауға қатысу үшін өтінімдерді (1-қосымша) 2024 жылдың 6 мамырына дейін rhet-2018@mail.ru  электронды поштасына жіберу керек.

3.3. Өтінімге қоса беріледі:

– ұжым атауы, спектакль атауы, жанр бағыты, шығарма авторы, спектакльдің ұзақтығы, қатысушының Т.А.Ә., туған күні, оқу орны, сыныбы, жетекшінің аты-жөні, жұмыс орны, ұялы телефоны;

  • www.youtube.com каналында MP-4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтеме.

4. Фестиваль-байқауға қатысушылар

4.1. Облыстық Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаз ұжымдары қатысады.

4.2. Театр ұжымы қатысушыларының жалпы саны – 7 адам болуы керек (командаларда басқа қатысушылар саны жарысқа қатысуға жіберілмейді).

5. Фестиваль-байқауды өткізу тәртібі және шарты

5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т.б.);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

5.2. Ұжым байқау жұмыстарын номинациялардың бірі бойынша мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынады (ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс).

5.3.Фестиваль-байқауға қатысу үшін www.youtube.com арнасында орналастырып,  МР-4 форматында бейнематериалды сілтемесі өтінімде көрсетумен электронды поштаға жіберіледі. Сапалы бейнематериал үзіліссіз тұтас бір роликпен жіберіледі. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды. Кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған ескі фонограммаларын пайдалануға жол берілмейді.

5.4. Театрлық қойылымдарды бағалау өлшемдері:

– қойылымның ұжымның жас ерекшеліктеріне және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;

– спектакльді, қойылымды көркем безендіруі;

– спектакльді, қойылымды музыкалық әрлендіруі;

– орындаушылардың актерлік шеберліктері;

– орындау шеберліктері (дикциясы, екпіндеу тазалығы, әртістігі);

– сахналық бейненің нанымдылығы.

6. Фестиваль-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау

  6.1. Фестиваль-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежедегі баспа форматында дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін электронды форматта сертификаттар беріледі.

  6.2. Фестиваль-байқаудың қорытындысы https://shygysdaryn.ai.kz/kz/ сайтында орналастырылады. Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

7. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығы жүзеге асырады.