Облыстық жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» байқауын қашықтықтан өткізу ЕРЕЖЕСІ 

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:57

1.Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже облыстық «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

1.2.Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы) болып табылады.

1.3. Байқаудың мақсаты: көркемдік қызметпен айналысу үшін жоғары уәждеме жасау, бейнелеу шығармашылығы саласындағы жас таланттарды қолдау, балалар мен жасөспірімдерді олардың даралығын, бастамашылығын ашу үшін ынталандыру, балаларды қосымша біліммен қамту.

1.4. Байқаудың міндеттері:

– жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

– қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемөнер мектептерінің рөлін арттыру;

– қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

– Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

– тікелей басшылықты жүзеге асырады;

– Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

– Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

  – Байқаудың жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;

– Байқау қорытындысын талдайды және жалпыландырады.

2.3. Қазылар алқасы Байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Байқау 2024 жылғы 15 мамырда қашықтықтан өткізіледі.

3.2. Байқауға қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшысының қолы қойылған өтінімдер қабылданады.

3.3. Өтінімге қоса тіркеледі:

–  байқау жұмыстарының фотосуреттері;

– қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж,  туған күні, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), байқау жұмысының атауы, жас ерекшеліктері, жетекшісінің Т.А.Ж., телефон нөмірі).

3.4. Қатысуға өтінімді 2024 жылдың 06 мамырына дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет (1-қосымша).

4. Байқауға қатысушылар

4.1. Байқауға аудандық/қалалық кезенің жеңімпаздары жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас (18 жасқа дейін) аралығындағы білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:

1) 10-13 жас;

2) 14-17 жас.

4.2. Байқаудың  ұйымдастырушылары байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.

5. Байқауды өткізу тәртібі және шарттары

5.1. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады. Бір қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады. Топтық жұмыс қабылданбайды.

5.2. Байқауға әр қатысушыдан 1 жұмыс қабылданады. Байқау жұмыстары кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады. Сурет тақырыбы байқау шарттарымен шектелмейді.

Жұмыстың ең аз өлшемі: 30х40 см., бірақ 55х65 см. аспайды (ресімдеуді есепке алмағанда).  Барлық жұмыстарда авторы (Т. А.) көрсетілуі керек және 12 см х 4,5 см өлшемді жапсырма (паспарту) болуы тиіс.

Жұмыстың төменгі оң жақ бұрышында анық оқылатын автордың қолы қойылады: аты, тегі, жасы. Файл параметрлері: jpg форматы. Қатысушылар сурет салу үрдерісін көрсететін кем дегенде 3 (үш) фотосуретті ұсынады.

5.3. Барлық жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу, суретке түсіру немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен жасалған электрондық көшірмелер (JPEG форматы) түрінде қабылданады. Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыс аталуы, орындау техникасы.

5.4. Бағалау критерийлері:

– көркемдік тұрғыдан жұмыстың сапасы мен кәсібилігі;

– авторлық тәсілдің өзіндік ерекшелігі және тақырыпты ашу тереңдігі;

– бейнелілік, эмоциялылық, мәнерлілік;

– түсті шешімдер.

6. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежедегі баспа форматында дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін электронды форматта сертификаттар беріледі.

6.2. Байқаудың қорытындысы https://shygysdaryn.ai.kz/kz/ сайтында орналастырылады. Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

7. Байқауды қаржыландыру

 7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» орталығы жүзеге асырады.