9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу туралы
Дата публикации: 19.03.2024 в 13:13
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Олимпиада екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (2024 жылдың 20 наурызына дейін);
Екінші кезең – аймақтық (2024 жылдың 3-4 сәуірі күндері).
Облыстық кезеңге әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 6 адам: (9 сынып-2 оқушы, 10 сынып-2 оқушы, 11 сынып-2 оқушы).
Олимпиадаға қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2024 жылдың 26 наурызына дейін priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
Қосымша ақпаратты 87232-700-244 нөмірінен алуға болады.