Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата публикации: 16.10.2024 в 17:50

2024 жылдың 16 қазанында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Негізгі мақсаты – туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.

Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары – аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Конкурс 2 кезеңде өткізілді:

1 кезең – Қазақстан тарихы бойынша тестілеу.

2 кезең 4 номинация бойынша.

Облыстық конкурсты өткізу барысында қатысушылар:

– «Менің шағын Отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашып берді;

– «Шағын Отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және шағын Отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдеді;

  • «Менің шағын Отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын (макеттер) қорғады;
  • туған өлкенің әдеби мұралары, еңбек еткен және батыр тұлғалары, олардың шағын Отанының дамуына қосқан үлесі туралы эссе жазды.

Қатысушылардың жұмысын қазылар алқасының мүшелері – облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша 36 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломымен – 4 оқушы, ІІ дәрежелі – 11 оқушы, ІІІ дәрежелі – 21 оқушы марапатталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!