«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңі

Дата публикации: 30.04.2024 в 15:13

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 14-15 мамырда «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу жоспарлануда.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең – аудандық 2024 жылғы 4 мамырға дейін;

2) екінші кезең – облыстық 2024 жылғы 14-15 мамырда Өскемен қаласында.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің бағдарламасы:

Уақыты5-6 сынып7-8 сынып
 14 мамыр
Сағат 09.00Мандаттық комиссия, төрешілер алқасының отырысыМандаттық комиссия, төрешілер алқасының отырысы
Сағат 10.00Теориялық бөлім
(тестілеу)
Теориялық бөлім
(тестілеу)
Сағат 11.00 –денТәжірибелік бөлім
(жеңіл атлетика, волейбол, футбол)
Тәжірибелік бөлім
(гимнастика, баскетбол)
15 мамыр
Сағат 10.00 -денТәжірибелік бөлім
(гимнастика, баскетбол)
Тәжірибелік бөлім
(жеңіл атлетика, волейбол, футбол)

Олимпиадаға денсаулық жағдайы бойынша негізгі медициналық топқа жататын жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары, «Дене шынықтыру» пәні бойынша Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Облыстық кезеңге қатысушылар аудан (қала) құрама командалары болып қатысады.

Олимпиада теориялық және тәжірибелік бөлім бойынша екі жас тобында өткізіледі:

1 – топ – 5-6 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл бала, 5 қыз бала);

2 – топ – 7-8 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл бала, 5 қыз бала).

Облыстық деңгейдегі Олимпиадаға қатысушыларға әр өңірден бірдей спорттық формасы мен логотипі болуы ұсынылады.     

Аудандық/қалалық білім бөлімдері 2024 жылдың 6 мамырына дейін олимпиада  материалдарын дайындау үшін қатысушылардың саны, сыныбы,  оқыту тілі көрсетілген өтініштің электрондық нұсқасын (№ 2 қосымша) ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының vk_ocfk@mail.ru электрондық поштасына  жіберуі тиіс (файл атауында «Олимпиадаға өтінім» деген белгімен).

Дәрігермен куәландырған және аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының қолдары қойылған Олимпиадаға қатысуға өтінімдер мандаттық комиссияға өткізілетін жерге келгеннен кейін беріледі.

Жарысқа қатысу үшін командалар мандаттық комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

– Қатысушының  туу туралы немесе жеке куәлігі және оның көшірмесі, команда өкілінің жеке куәлігі (түп нұсқасы және көшірмесі);

– оқушының аталған оқу орнында оқитынын растайтын фотосуреті бар спортшының жеке карточкасы (3 қосымша);

– команданың қауіпсіздік техникасын сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау бағыты бойынша бұйрық.