«Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу туралы

Дата публикации: 13.03.2024 в 11:08

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылы 15 мамырда «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңі өткізілетінін назарларыңызға салады.

Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жас мөлшері: 10-17 жас.

Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған жарысқа өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2024 жылдың 5 мамырына дейін жіберіледі.